Главная / Районные новости / «Қымызмұрындық» фестивалі өтті

«Қымызмұрындық» фестивалі өтті

Бүгін Қостанай ауданына қарасты Заречный ауылындағы «Арғымақ» атшабарында «Қымызмұрындық» фестивалі өтті. Бұл шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының іске асыру аясында жүзеге асып отыр.

Фестиваль Қостанай ауданының әкімдігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылғанын айта кетейік. Қымызмұрындыққа облыстың 8 ауданынан бие байлап, бабадан қалған сусынды кәсіп еткен өндірушілер шақырылған. Қаз-қатар тігілген киіз үйлер тігіліп, ат жарыс, қыз қуу, аударыспақ, күрес, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату ойындары фестивальдің көрігін қыздырып жіберді. Ортаға сахна қойылып, өңірден жиналған өнерпаздар ән-күй, би, жырдан шашу шашты.

Шеткерірек биебау қоршалып, желіге құлындар байланған екен. Ал таза қанды абадандай төбеттерін ала келгендер де той базардың бір бұрышына жайғасыпты. Той баба сусынның құрметіне арналғандықтан, қымыз өндірушілер арасында «Халық таңдауы» байқауы өткізілді. Аудандардан күбі пісе келгендер реттік сан бойынша қаз-қатар тұрады. Жұрт олардың әрқайсысының қымызынан дәм татып, ұнаса оған дауыс береді, яғни, сол ауданның реттік саны жазылған қағазды жәшікке тастау қажет.

«Халық таңдауы» байқауында 54 дауыс жинаған жанкелдиндік Мәлік Бекеттің қымызы дәмі жағынан ең бабында деп танылып, жеңімпаз атанды (жүлде 300 мың теңге). Ат спорты ойындарының құнан бәйге жарысында Мақсұт Шәкібаевтің сәйгүлігі алдына жан салған жоқ (жүлде 150 мың теңге). Ал топ бәйгеде Сайран Әуезхановтың тұлпары үздік келді (жүлде 400 мың теңге). Қазақ күресінен Талғат Жиентаев «Түйе палуан» атанып, жүлдеге тігілген бұқаны жетектеп әкетті.

Қыдырбек Қиысхан

Смотрите также

ДОМ, КОТОРЫЙ ПОСТРОИЛ АРТЕМУК

Мудрого дальновидного хозяйственника Максима АРТЕМУКА отличает умение работать и мыслить на перспективу. Его планы имеют …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *