Главная / Районные новости / Жарайсың, Мейрамбек!

Жарайсың, Мейрамбек!

«Спорт – денсаулық кепілі» демекші, спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Спортты жанына серік еткен адамның денсаулығы мықты болады. Біздің ата-бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау» — деп бекер айтпаған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында халықтың 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту керектігін атап өткен болатын. Осы тұрғыда салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.

Мәселен, біздің өңірде спортты дамыту жөніндегі жұмыстар белсенді жүргізіліп келеді. Аудан спортшылары облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жоғары жетістіктерге жетіп жүр. Ауданымыздың, облысымыздың атын шығарып жүрген спортшылардың бірі – Мейрамбек Махмутов.

Жуырда Есіл ауданында Есіл ауданы әкімінің жүлдесі, ҚР еркін күрестен еңбек сіңірген бапкері, спорт шебері Төлеген Искаков және ҚР чемпионы, спорт шебері Мәди Искаковты еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасында ашық республикалық турнир өткен болатын. Бұл жарысқа Мейрамбек Махмутов да қатысып, бақ сынасып қайтты. Аталмыш бәсекеде жерлесіміз 57 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, турнир чемпионы атанды.

-Аталмыш додаға спортшыларымыздың барып келуіне үлес қосып, қаржылай демеушілік көмек көрсеткен ауданның жеке кəсіпкерлері Болат Ерменов, Марат Нуриев, Александр Сергейчук, Талғат Майленов, Тимур Данияров және «Талах» ШҚ басшылығына алғысымыз шексіз, — дейді аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрестен бапкері Нұрсұлтан Баязитов.

Жаңабай АХМЕТОВ

Смотрите также

ДОМ, КОТОРЫЙ ПОСТРОИЛ АРТЕМУК

Мудрого дальновидного хозяйственника Максима АРТЕМУКА отличает умение работать и мыслить на перспективу. Его планы имеют …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *