Главная / В республике / Асқақтай бер, АСТАНА!

Асқақтай бер, АСТАНА!

Сайын Сарыарқа төсінде Қазақ елінің тәуелсіздігінің нышаны іспеттес әсем қаламыз Астананың бой көтергеніне де 20 жыл толғалы отыр.

Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен осынау аз ғана жылдың ішінде елордамыз дәулеті тасып, сәулеті асқан жер жаһандағы сұлу шаһарлардың біріне айналды. Тарихқа сәл шегініс жасап, елордамыздың жылнамасына көз жүгіртер болсақ, Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді.

1994 жылдың 6 шілдесі күні Қазақстан Респубилкасы Жоғарғы кеңесінің жалпы отырысына қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев депутаттарға қазақ елінің елордасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы идеясын ұсынып, оны нақты әрі мығым фактілермен депутаттардың алдында дәлелдеп шықты.

Бұл жайында Елбасы өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: «1994 жылдың 6 маусымында Парламент Мәжiлiсiнде мен астананы көшiру туралы идеяны жария еттiм. Сол кезде жұрттың бәрi менi қолдаған жоқ. Көп адамдар мұны ақылға сыймайтын әрекет деп есептедi. Өйткенi, елдiң жағдайы ауыр болатын. Жалақы, зейнетақылар уақытында төленбей жатты. Ал ендi бiреулер астананы көшiру идеясын қолдағанның өзiнде бұл шешiм 2030 жылсыз жүзеге аспайды деген ойда болды. Дегенмен, осыдан үш жыл өткенде депутаттардың өзi пойызбен жаңа астанаға көшiп келдi. Ендi шешiмнiң дұрыс болғандығына ешкiм де күмән келтiрiп, дауласпайды», — деп жазады.

Сарыарқаның төсінде орын тепкен еліміздің бас қаласы Астана – төрткүл дүниені таң қалдырған, еңселі елордаға айналды. Өзінің болашағы жолында қарыштап қадам басып, көптеген елдерге үлгі болып, өркен жайып келеді. Бұның бәрі — экономикамыздың, халқымыздың өміріндегі өркенді істердің жарқын көрінісі. Сондықтан баршамыз Астананы мақтан етеміз.

Міне, уақыт өткен сайын көркейіп, асқақтай түскен Елордамыз талай биік белестерді бағындырды. Осы уақыт ішінде бәйтеректей биіктеген Астананың сұлу бейнесі әлем назарында. Елбасының «Астананың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі» деген терең тұжырымдамасын қағида етіп ұстанған жасампаз күш иелері қала келбетін одан әрі сұлуландыруда. Қала құрылысы канатын кеңге жайып келеді. Жаңа әрі озық үлгідегі тұрғын үйлер, әкімшілік-шаруашылық ғимараттар бой түзеуде. Есіл өзенінің сол жағалауындағы жаңа

әкімшілік-шаруашылық ғимараттарды жедел қарқынмен тұрғызу мақсатында арнайы экономикалық аймақ құрылды. Ол қазірдің өзінде ертегілер еліндегі қаланы көз алдыңа келтіріп, үлкен кешеңді құрылысқа айналды. Қаланың жасыл желегі де көз қуантып, көңіл тойдыратындай, гүлзарлар көз жауын алып, су бұрқақтары жанға сая береді. Аз уақыттың ішінде осындай Астана салған мемлекет тарихта болған емес. Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Жер шарының картасынан Астана атауы да өз орнын алды. Қара шаңырақ астында дүниеге келген қазақ көк әлеммен тілдескен үйлерді құтты қонысқа айналдырып, қысылып-қымтырылмай жаһан халықтарымен иық тірестіріп тұратындай дәрежеге жетті.

Жаңабай АХМЕТОВ

Смотрите также

КОГО КОСНУЛИСЬ ИЗМЕНЕНИЯ?

С 1 июля в Казахстане вступили в силу сразу несколько изменений. Нововведения касаются большинства граждан, …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *