Главная / В республике / Айқын бағыт

Айқын бағыт

Елбасының жыл сайынғы Жолдауы – қазақстандықтар үшін үлкен маңызға ие. Әр Жолдаудан жақсы жаңалық, игі бастамалар күтеміз. Өйткені Жолдауда еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағдары айқындалып, нақты мақсат-міндеттері белгіленеді.

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуына арналды. Бұл Жолдау да өзінің стратегиялық бағыттылығымен ерекшеленеді. Ең бастысы, халықтың әлеуметтік жағдайын барынша жақсартуға бағытталып, еліміздің алдағы уақыттағы даму басымдықтарының айқындалғанымен құнды.

Жолдауда білім секторын дамытуға айрықша мән берілген. Цифрлық дәуірге көшудің бір тетігі – осы салаға жаңа әрі ұтымды өзгерістер енгізіледі. Бұл әрине, студенттердің де өміріне серпін береді. Нақты айтсақ, білім алу процесі жеңілдеп, терең ізденіске жол ашады.

Жалпы, барлық студенттерге үлкен пайдасы тиеді. Өйткені, білім саласының барлығы цифрландыру жүйесіне өткен соң бұл студенттерге өте пайдалы. Яғни, білім алып жатқан студенттердің барлығы компьютерді меңгеруге мүмкіндіктері бар. Білім жаңғырып, ғылым қатар дамиды.

Бұдан бөлек, Жолдауда қаржы секторын «қайта жаңғырту», «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру сынды маңызды мәселелер толығымен қамтылды.

Жолдауда айтылған, алдымызға қойылған міндеттерді іске асыруға қазақстандықтардың әлеуеті жетеді деген сенімдемін. Тек қана алға ұмтылуымыз керек.

Дайындаған Жаңабай АХМЕТОВ

Смотрите также

Наша цель – достижение высокого уровня мотивации государственных служащих

В преамбуле Плана нации «100 конкретных шагов» сказано, что он закладывает коренные преобразования в обществе …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *