Главная / Районные новости / Уақыт талабынан туындаған

Уақыт талабынан туындаған

Арман Балтабаев:

— Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – стратегиялық маңызға ие құжат. Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша Елбасының бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар көп, ауқымды жоспарлар да жетерлік. Оған баршамыз куәміз. Соның бірі — «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық». Бұл дегеніміз, гуманитарлық білімнің барлық бағыты бойынша әлемдегі ең таңдаулы 100 оқулық қазақ тіліне аударылады деген сөз. Оқулықтарды аудару ісі кезең-кезеңімен жүзеге асады. Аталмыш жобаны іс жүзінде жүзеге асыру, яғни енгізіліп жатқан оң өзгерістер жас мамандарды даярлауда заманауи деңгейге көтерілуге жол ашады. Жастардың әлемдік деңгейдегі озық оқулықтар бойынша білім алып, жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті маман даярлауға мүмкіндік береді

Қорыта айтқанда, «100 жаңа оқулық» — уақыт талабынан туындап отырған жоба. Бұл жоба­ны жүзеге асыру еліміздің әлем­дегі дамыған 30 елдің қатарына қо­сы­луы­на зор ықпал етеді.

Гүлсім Абулталипова:

— Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының маңызы зор. Бұл бағдарламалық мақала былтырғы жылы сәуір айында жарияланған болатын. Содан бері мақалада айтылған әр бағыт бойынша жұмыстар іске асты. Айталық, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған «100 жаңа оқулық» жобасы бойынша алғашқы 18 оқулық қазақ тіліне аударылды. Аударылған оқулықтар философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, экономика, менеджмент, дінтану, антропология, журналистика секілді бағыттарды қамтыды.

Дүниежүзіндегі ең таңдаулы 100 оқулықтың қазақ тіліне аударылуы –игі бастама. Енді біздің жастар әлемдік деңгейдегі ең озық оқулықтарды қазақ тілінде оқи алады. Бұның бәрі – жастардың келешегі үшін жасалып жатқан істер.

Бүгінгідей жаһандану кезеңінде бәсекеге қабілетті, заман талабына сай боламыз десек, жастардың білімді де сауатты болуына айрықша мән берген жөн. Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы, ертеңі.

 

Дайындаған Жаңабай АХМЕТОВ

Смотрите также

Жарайсың, Мейрамбек!

«Спорт – денсаулық кепілі» демекші, спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Спортты жанына серік еткен …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *