Главная / Районные новости / Бірқатар мәселе қаралды

Бірқатар мәселе қаралды

Дүйсенбі күні аудан әкімі Виктор Ионенконың төрағалығымен аудан әкімдігінің кеңейтілген отырысы өткізілді.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан прокуроры, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, ауыл және ауылдық округтердің әкімдері, аудандық мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Кеңейтілген отырысты аудан әкімі Виктор Ионенко ашып, жиынның күн тәртібімен таныстырып, регламентін бекітті.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Мұқанов егіс науқанының қорытындысы туралы есеп берді.

Жиындағы өзекті мәселелердің бірі – ҰБТ-ға дайындық және сауықтыру маусымының бастамасы туралы аудандық білім беру бөлімінің басшысы Гүлсара Ержанова баяндады.

Бұдан кейін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әділхан Ахмеров аудан аумағын көркейту, санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстары туралы ақпарат берді. Қосымша баяндамашылар – Павлов ауылының әкімі Сайлау Иманбеков, Новопавлов ауылының әкімі Асет Матышев, Черняев ауылдық округінің әкімі Айтбаев Бахтияр және Ильичев ауылдық округінің әкімі Анара Зиядина да есеп берді.

Соңғы сұрақ, мемлекеттік мекемелер мен ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарында ҚР мемлекеттік рәміздері туралы заңнамасы талаптарының сақталуы бойынша жүргізілген тексерістің қорытындысы және Қарасу ауылында ерікті халық жасағы кезекшілік кестесін орындау туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Данияр Нурпеисов баяндады.

Жиын соңында аудан басшысы алда тұрған міндет-мақсаттар мен қатар атқарылуға тиісті жоспарлы жұмыстарға тоқталып өтті. Қаралған мәселелерге жеке-жеке тоқталып, тиісті тапсырмалар жүктеді.

Жаңабай АХМЕТОВ

Смотрите также

Жарайсың, Мейрамбек!

«Спорт – денсаулық кепілі» демекші, спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Спортты жанына серік еткен …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *