Главная / Районные новости / Айт намазы оқылды

Айт намазы оқылды

Өткен аптада үш күн бойы Ораза айт мерекесі тойланды. Бұл діни мерекенің алғашқы күні аудандық мешітте айт намазы оқылды. Оған ауыл тұрғындары, ақсақалдар, мекеме басшылар қатысты.

Аудандық мешіттің имамы Халық қажы Қабиұлы жиналған жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сағат 8.00-де Ораза айт намазын оқып, жұртқа ұлық мерекенің мәні мен маңызы туралы уағыз-насихат айтты. Алладан елімізге тыныштық, жұртымызға амандық, халқымыздың ынтымағы мен бірлігі нығая берсін деп тіледі. Сондай-ақ мешіт жанындағы хатымханада айттың шәйі берілді.

Айта кетейік, Рамазан айында аудандық мешітте игі істер жүзеге асып, түрлі шаралар ұйымдастырылды. Мешіт жанындағы хатымханада ауызашар беріліп, тарауих намазы оқылды.

Жаңабай АХМЕТОВ

Смотрите также

Жарайсың, Мейрамбек!

«Спорт – денсаулық кепілі» демекші, спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Спортты жанына серік еткен …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *