Главная / Официально / Маңызды мәселелер қаралды

Маңызды мәселелер қаралды

Дүйсенбі күні аудан әкімдігінде аудан әкімі Виктор Ионенконың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес  болып өтті.

Жиын аудандық мәслихаттың хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың басшыларының қатысуымен өтті.

Жиналыстың күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Алдымен аудандық экономика бөлімінің басшысы Рустам Нұрғалиев 2019 жылғы бюджеттік өтінім жасаудың талдауы туралы есеп берді. Екінші мәселе бойынша аудандық білім беру бөлімінің басшысы Гүлсара Ержанова қазандықтар жабдықтарының жаңа жылу беру маусымына дайындығы және білім беру мекемелеріне жыл сайынғы жөндеу жұмыстарының жүргізілуі, жазғы каникул кезінде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру тұрғысында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Бұдан әрі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жақсылық Көпеева «Балаларды қорғау күнін» мерекелену бойынша дайындық жұмыстарына тоқталды.

Соңғы сұрақ, баспасөзге жазылу науқанын ұйымдастыру туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Данияр Нурпеисов баяндады.

Жиын барысында аудан басшысы қаралған мәселелерге жеке-жеке тоқталып, ағымдық жұмыстардың орындалу барысын сараптап, қорытындылап, нақты тапсырмалар берді.

Жаңабай АХМЕТОВ

Смотрите также

Актуально о пенсии

Единый накопительный пенсионный фонд активно продолжает информировать население, разъясняя вкладчикам современное состояние целого комплекса вопросов, …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *