Главная / Районные новости / Жүлделі орындардан көрінді

Жүлделі орындардан көрінді

Жітіқара қаласында еркін күрестің Жітіқара қаласында негізін қалаушы, Жітіқара қаласының құрметті азаматы Н. В. Балобановты еске алуға арналған жасөспірімдер мен қыздар арасында еркін күрестен Қостанай облысының ашық біріншілігі өтті.

Спорттық шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, балуандардың спорттық шеберлігін арттыру, еркін күресті дамыту.

Аталған турнирге Қарасу аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері де қатысып, жүлделі оралды. Атап айтсақ, 29 келі салмақта аудан намысын қорғаған Сабина Есенжолова және 36 келіде Татьяна Григорян жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Ал, 33 келіде сынға түскен Виктория Зонингрина және 35 келіде Аслан Кужантаев үшінші орынды иеленді.

Жүлдегерлер тиісті деңгейдегі мадақтама қағаздары және медальдармен марапатталды.

Жаңабай АХМЕТОВ

Смотрите также

Жарайсың, Мейрамбек!

«Спорт – денсаулық кепілі» демекші, спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Спортты жанына серік еткен …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *