Главная / Официально / Бүгінгінің үздік жобасы

Бүгінгінің үздік жобасы

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы негізінде қолға алынған дүниелер жетерлік.

Соның ішінде «100 жаңа оқулық» жобасын ерекше атап өтуге болады. Бұл жобаның қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі ерекше. Бірден 100 оқулықты аудару оңай іс емес, десе де, бүгінгі ұрпақтың санасына өте қажет. Қазір жаһандану дəуірі басталды. Ғалам күннен күнге қарыштап дамып бара жатқанын баршамыз да көріп отырмыз. Бүгінгі əлемдегі экономиканың, өндірістің, адамзаттың ақыл-ойының дамуы да ерекше. Сондықтан, Елбасының «100 жаңа оқулықты» аудару мəселесін қолға алуы заман қажеттілігінен туындаған дүние деп ойлаймын. Бұл бəсекеге қабілетті отыз елдің қатарына кіруге жол ашады, əлемдегі үздік деген ЖОО-ның тəжірибесін үйренуге жəне ғылыми-ағартушылық кеңістікті дамыта түсуге бастайды.

Алғашқы 18 кітаптың барлығы да 34 тілге аударылған, əлемнің 42 елінде 47 миллион тиражбен тараған еңбектер. Өзім ғылыми салада еңбек етіп жүрген адам ретінде бұл жаңалыққа қызыға қарадым. Философия, əлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кəсіпкерлік, дін саласы сияқты салаларды қамтыған əр кітаптың қолданысқа енгізілуін де асыға күтудемін. Қоғамның əртүрлі əлеуметтік топтарымен үнемі ақпараттық-түсіндіру жұмыс- тарын жүргіземін. Соның ішінде жастармен көп жұ- мыс істеймін. Сол себепті де, мен алғашқылардың бірі болып, осы оқулықтармен танысып, жіті меңгеріп, құндылығын өз деңгейінде бойыма сіңіргім келеді. Мəселен, Клаус Швабтың еңбегін алып қарайық. Ол өзінің «Төртінші индустриялық револю- ция» кітабында бірқатар экономикалық процестерге жан-жақты баға беруге тырысады. Бірінші беттерін оқығаннан-ақ менің дүниетанымымды кеңейтті.

«100 жаңа оқулық» жобасына біздің де қатысуымыз қуанышты жағдай. Алғашқы кезеңнен соң екіншісіне кешіктірмей өтіп кетудің маңызы жоғары.

 

Ə.БЕКМАҒАНБЕТОВ,
заң ғылымдарының кандидаты, доцент.

Смотрите также

Актуально о пенсии

Единый накопительный пенсионный фонд активно продолжает информировать население, разъясняя вкладчикам современное состояние целого комплекса вопросов, …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *