Главная / Районные новости / Білімді болу – заман талабы

Білімді болу – заман талабы

Өткен жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көріп, рухани жаңғыруға ерекше мән берілді.

Рухани тұрғыда даму қашанда маңызды, кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Әр халық заман талабына сай рухани жаңғырып отыру керек. Өйткені рухани тұрғыда бай болсақ, ұтарымыз көп.

Аталған бағдарламалық мақалада айтылған ойлардың, бағыттардың барлығы өзекті. Яғни, рухани жаңғыруымыз үшін қажетті дүниелер. Мәселен, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы, «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары өз бағытымен құнды.

Бұл бағдарламалық мақалада білімге ерекше көңіл бөлінген. Сапалы білім – еліміздің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты құрал. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Бүгінгі ұрпақ – елдің ертеңі. Бүгінгідей жаһандану кезеңінде бәсекеге қабілетті, заман талабына сай болу үшін білімді жас ұрпақ қажет.

Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру қашанда маңызды мәселенің бірі болып саналады. Ел болашағы – жас ұрпақтың қолында. Сондықтан өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы құрастырылған «Тəрбие жəне білім» кіші бағдарламасы аясында аудан мектептерінде көптеген игі іс-шаралар атқарылуда. Мәселен, Шолақаша орта мектебінде Отан қорғаушылар күні қарсаңында патриоттық шара болып өтті. Бұдан бөлек, Темир Дусқалиевті еске алу арналған спорттық іс-шаралар өткізілді. Оған мектеп оқушылары, мұғалімдер және ауыл тұрғындары қатысып, баскетбол, волейбол, үстел теннисінен жарысқа түсті. Сондай-ақ «Жас ұлан» және «Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі қатарына оқушыларды қабылдау рәсімі өткізілді. Бұл шара жыл сайын өткізіледі. Бұдан да басқа білім және тәрбие бағыттарын іске асыру мақсатында мектеп ұжымы түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, өткізіп келеді.

Жаңабай АХМЕТОВ

Смотрите также

Жарайсың, Мейрамбек!

«Спорт – денсаулық кепілі» демекші, спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Спортты жанына серік еткен …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *