Главная / Районные новости / Балаларды қорғайық!

Балаларды қорғайық!

Бала – өмірдің гүлі, отбасының базары мен ажары. Елімізде соңғы уақытта дүниеге келіп жатқан сәбилер саны артуда. Оларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау да бар.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл — балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі.

Балаларды қорғау күні бұл, алдымен, балалар өмірі құқықтарын, білім алу, дем алу мен бос уақыт, денелік және психологияқ жәбірлеуден қорғау, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамды кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн.

Балалар күнінің тарихы қандай?

Бұл күннің тарихы Швейцарияның Женева қаласымен байланысты. 1925 жылы Женевада балалар мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданды. Балалардың бұл мерекесі неліктен дәл 1 маусым күні атап өтілетіндігі туралы нақты мәліметтер жоқ.

Болжамдардың бір нұсқасы бойынша, 1925 жылы 1 маусымда Қытайдың бас консулы  Сан-Франсискода қытайлық жетім балалардың бір тобын жинап, оларға Дуань-у цзе фестивалін (Қайық-айдаһарлар фестивалі) өткізді. Сәтті кездейсоқтықпен бұл күн, сондай-ақ Женевада «балалар» конференциясының өткізілуімен сәйкес келді.

Балалардың денсаулығын сақтау және жағдайын жақсарту мәселесі анағұрлым өзекті болған Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, нақты айтқанда, 1949 жылы Парижде әйелдер конгресі өтті. Онда балалар бақытының жалғыз кепілі ретінде орнықты бейбітшілікті қамтамасыз етуге талмай күресу анты айтылды. Бір жылдан кейін, 1950 жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күнінің алғашқы мейрамы атап өтілді, осыдан кейін бұл дата жыл сайын мерекеленеді.

Халықаралық балалар күнінің өзінің байрағы бар. Өсімді, үйлесімдікті, балғындық пен шұрайлылықты білдіретін жасыл фонда көрсетілген Жердің айналасына қызыл, сары, көк және ақ — стилизацияланған мүсіндер орналастырылған. Адамдардың бұл пішіні алуандылық пен төзімділікті білдіреді. Ортаға орналастырылған Жердің белгісі — ортақ үйіміздің символы.

 

Дайындаған Жаңабай АХМЕТОВ

Смотрите также

Жарайсың, Мейрамбек!

«Спорт – денсаулық кепілі» демекші, спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Спортты жанына серік еткен …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *