Главная / Районные новости / Ауызашар берді

Ауызашар берді

Рамазан – ол мейірім мен молшылық айы. Бұл айда барша мұсылман қауымы сауабы көп жақсылықтар жасауға тырысады. Сондай сауабы мол шаралардың бірі — ораза ұстаған жандарға ауызашар беру.

Бұл сауапты істен Октябрь ауылының кәсіпкерлері де қалыс қалмай, жыл сайын ауызашар беруді жақсы үрдіске айналдырып келеді. Айталық, жуырда жеке кәсіпкер Серікбай Қабылов «Қарамырза» мешіті жанындағы асханада ауызашар берді. Оған ауызы берік жандар, елдің атқа мінер азаматтары, аузы дуалы қариялар мен ақ жаулықты аналар келді.

Ауызашар дастарханы барысында Құран оқылды. Жиналған жамағатты аты аталған кәсіпкер Рамазан айымен құттықтап, оразаларыңыз қабыл болсын деген тілегін білдірді. Мешіт имамы Серік қажы Салих сөз сөйлеп, Рамазан айының қасиеттілігі, Ораза айт, имандылық туралы біршама уағыз-насихат айтты.

Ауызашар соңында жиналған қауым сауапты іске ризалық білдіріп тарасты.

Жаңабай АХМЕТОВ

Смотрите также

Жарайсың, Мейрамбек!

«Спорт – денсаулық кепілі» демекші, спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Спортты жанына серік еткен …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *