Главная / Районные новости / Білімді ұрпақ – ел болашағы

Білімді ұрпақ – ел болашағы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының маңызы терең, ауқымы зор. Бұл мақалада белгіленген мақсат-міндеттер өте өзекті.

Әдетте, елімізде экономикалық жаңғыру жиі айтылатын. Елбасымыздың бұл мақаласында елімізді рухани жаңғырту бағыты айқындалып отыр. Әрине, әрбір халық пен мемлекет уақыт шеңберінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады.

Еліміздің болашағы үшін маңызды бағдарламалық мақаладағы барлық бағыттың маңызы ерекше. Атап айтсақ, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы, «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары өз бағытымен құнды.

Аталған бағдарламалық мақалада білім саласына үлкен басымдық берілген.

Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру қашанда маңызды мәселенің бірі болып саналады. Ел болашағы – жас ұрпақтың қолында. Сондықтан болашақ жастарды тәрбиелеу мақсатында аудан мектептерінде көптеген игі іс-шаралар атқарылуда. Мәселен, Жаныспай негізгі мектебінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы құрастырылған «Тəрбие жəне білім» кіші бағдарламасы аясында «Біздің Елбасы» атты өлеңді мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мектеп мұғалімдері А.Бахытбек және Ж.Жолдаяқованың ұйымдастыруымен өткен шараға 1-9 сынып оқушылары қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша 5-сынып оқушысы Мирас Беріков бірінші орынды, екінші орынды 4-сынып оқушысы Алихан Илюбаев, үшінші орынды 4-сынып оқушысы Диас Бердімбетов жеңіп алды. Тарих пәнінің мұғалімі Л.Маякова оқушылар арасында «Халық даналығы» тақырыбында брейн-ринг өткізді. Сондай-ақ «Өзін-өзі тану: Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтті. Оған оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар белсенді қатысты. Оқушылар «Туған жерге көмек» ұранымен мектеп аумағына мұз айдынын құйды. Бұдан бөлек, «Алғыс айту күні» мерекесі, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Қазақстан халқы бірлігі күніне орай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өткізілді.

Жаңабай АХМЕТОВ

Смотрите также

Жарайсың, Мейрамбек!

«Спорт – денсаулық кепілі» демекші, спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Спортты жанына серік еткен …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *