Главная / В республике / Астана күніне арналған сайт

Астана күніне арналған сайт

Астананың 20 жылдығын атап өтуге бағытталған мерекелік шаралар туралы толыққанды мәлімет беретін ресми сайт ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордамыздың 20 жылдығына арнайы өткізілетін іс-шаралардың ресми сайты іске қосылды. Баршаңызды www.astanaday.kz ресми парақшасына шақырамыз! Жоспар жасап, елордамыздың мерейтойын бірге атап өтейік», — деп жазды қала әкімінің баспасөз хатшысы Элвира Жүргенбаева Фейсбуктегі парақшасында.

Жаңа сайтта 2018 жылдың маусым айынан қыркүйегіне дейінгі мерекелік шаралардың кестесі берілген. Олардың арасында концерттер, театрлық қойылымдар, жәрмеңкелер мен ресми, мәдени-бұқаралық, спорттық шаралар бар.

Бұған дейін хабарланғанындай, порталда Астананың 20 жылдығына арналған шаралардың уақыты, өтетін орны, билеттер бағасы, БАҚ-қа арналған баспасөз парақтары, жолдың жабылуы мен көлік тұрақтары туралы барлық мәліметтер жарияланады.

Айта кетерлігі, қала қонақтары мен тұрғындары үшін сонымен бірге Астананың 20 жылдығына арналған мерекелік шаралар туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде қалалық «iKomek» жедел әрекет ету және мониторинг орталығынан (ол жерде тәулік бойы «109» нөмірі жұмыс істемек) алуға болады.

Еске сала кетсек, Астананың 20 жылдығына орай елордада жыл бойы 630 шара өткізу көзделуде.

Смотрите также

КОГО КОСНУЛИСЬ ИЗМЕНЕНИЯ?

С 1 июля в Казахстане вступили в силу сразу несколько изменений. Нововведения касаются большинства граждан, …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *