Главная / Районные новости / Болашаққа бастар жол

Болашаққа бастар жол

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының еліміз үшін маңызы зор. Бұл бағдарламалық мақалада рухани жаңғыру үдерісіне басымдық берілген.

Мақалада елімізді рухани жаңғыруға бастайтын алты бағыт айқындалып, белгіленді. Ол – бәсекеге қабілеттілік, праг­матизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы. Бұл бағыттардың бар­лығы да өте маңызды және уақыт талабына сай келеді.

Бүгінде мақалада қойылған міндеттерді орындау мақсатында жүйелі жұмыс атқарылып, игі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Сондай жобалардың бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы.

Бұл жоба жастарға тың серпін беретін болады. Аталмыш жоба әлемдік деңгейдегі ең озық оқулықтарды қазақ тіліне аударып, жастардың әлемдегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуына мүмкіндік береді.

Аталған жоба бойын­ша алғашқы 18 оқулық жарыққа шығып үлгерді. Аударылған оқулықтар әлеуметтік-гуманитарлық салаларды қамтып отыр. Атап айтсақ, философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, экономика, менеджмент, дінтану, антропология, журналистика бағыттары бойынша аударылған. Бұл жастардың гуманитарлық салаға деген қызығушылығын арттырып, заман талабына сай білім алуына жол ашады.

Қорыта айтқанда, бүгінгідей жаһандану кезеңінде бәсекеге қабілетті, заман талабына сай боламыз десек, жастардың білімді де сауатты болуына айрықша мән берген жөн. Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы, ертеңі. Сондықтан білімнің озық жетістіктерін меңгеру үшін осындай жобалар болашаққа бастар жол болмақ.

Смотрите также

Ауызашар берді

Рамазан – ол мейірім мен молшылық айы. Бұл айда барша мұсылман қауымы сауабы көп жақсылықтар …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *