Главная / Районные новости / Ысырапшылдық – исламға жат нәрсе

Ысырапшылдық – исламға жат нәрсе

Аудандық орталықтандырылған кітапханада жаназа және жерлеу рәсімінде ысырапшылықты тоқтату мақсатында «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты конференция өтті.

Оған Тобыл қаласының «Маңдай Батыр» мешітінің имамы Асылхан қажы Түсіпбек, Сарыкөл ауданының «Аққозы қажы» мешітінің имамы Дәулетбай қажы Әбдіхалық, аудандық мешіттің имамы Халық қажы Қабиұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Данияр Нурпеисов, Қарасу ауылының ақсақалдары және тұрғындар қатысты.

Жиын барысында Халық қажы Қабиұлы аталған шараның маңыздылығына тоқталып, арнайы шақырылған құрметті қонақтармен таныстырып өтті. Бұдан кейін Асылхан қажы Түсіпбек және Дәулетбай қажы Әбдіхалық қаза кезіндегі ысырапшылдыққа жол бермеу, ас мәзірі, қабірге қатысты мәселелер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қозғалған тақырып аясында «Жаназа және жерлеу кезіндегі шектеулер», «Ас мәзірі» және «Бейіт салу» бойынша шешімдер шығарылды.

Жиынға қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, толымды жауаптар алды.

Смотрите также

Жарайсың, Мейрамбек!

«Спорт – денсаулық кепілі» демекші, спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Спортты жанына серік еткен …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *