Главная / Официально / Ағымдағы мәселелер талқыланды

Ағымдағы мәселелер талқыланды

Қарасу балалар өнер мектебінде Қарасу ауылының әкімі Сергей Магзумов ағымдағы мәселелер бойынша жергілікті тұрғындармен жиналыс өткізді.

Жиынды Қарасу ауылының әкімі Сергей Магзумов ашып, күн тәртібімен таныстырып өтті. Жұмыс регламенті бекітілген соң ауыл әкімі алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде ауылды абаттандыру, санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында 2018 жылдың 12 сәуірі мен 12 маусым аралығы тазалық айлығы болып жарияланғанын айтып, ауыл тұрғындарын тазалыққа аса мән беруге шақырды. Бұдан кейін жергілікті учаскелік полиция инспекторы Марат Қарағожин ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат берді. Ал, ветеринариялық алдын алу іс-шаралары туралы аудандық ветеринариялық станциясының ветеринар дәрігері Арман Байзақовтың ақпараты тыңдалды.

Жиында ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген әлеуметтік мәселелер әңгіме арқауына айналды. Айталық, қаңғыбас иттердің көптігі, олардың адамға қауіп төндіріп тұрғанын тұрғындар алға тартып, осы мәселені шешуді өтінді. Сондай-ақ, жеке тұрғындардың малын бағатын бақташы мәселесі, ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды қамтамасыз ету, көшелер мен аулалардың тазалық шараларын қолға алу керектігі алға тартылды.

Ауыл әкімі түйінді мәселелерге көпшілік назарын аудартып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар қайтарылды.

Смотрите также

Актуально о пенсии

Единый накопительный пенсионный фонд активно продолжает информировать население, разъясняя вкладчикам современное состояние целого комплекса вопросов, …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *