Главная / Районные новости / Нәтижелі ойын

Нәтижелі ойын

Новопавлов — аудандағы іргелі ауылдардың бірі. Бұл ауылдың бүгінгі әлеуеті жыл өткен сайын артып келеді. Ауылда барлық әлеуметтік маңызы бар нысандар жұмыс істеп тұр.

Жергілікті тұрғындардың да, жастардың да салауатты өмір салтын ұстануына, спортпен айналысуына барлық жағдай жасалған. Ауыл жастары бұқаралық спорт түрлерімен жүйелі түрде шұғылданады. Бүгінде осы ауылдың спортшылары талай тартысты додаларда топ жарып, бақтарын сынап, оза шауып жүр.

Айталық, жақында Әулиекөл ауданының орталығындағы И.Сьянов атындағы №3 орта мектебінде Кеңес Одағының батыры И.Сьяновты еске алуға арналған баскетболдан Әулиекөл ауданының ашық турнирі болып өтті. Жарысқа 4 жасөспірімдер, 3 қыздар командасы қатысты.

Спорттық шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды жүйелі түрде спортқа және дене шынықтыруға тарту.

Тартысты бәсекеде аудан намысын қорғаған Ключевой орта мектебінің жасөспірімдер командасы сәтті өнер көрсетіп, турнирдің қорытындысы бойынша 2 орынға ие болды. Грамота және медальдармен марапатталды.

Жерлестеріміз Вячеслав Карпушка және Данияр Жусупов үздік ойын көрсеткендері үшін бағалы сыйлықпен марапатталды.

Жерлестерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жеңістер мен жаңа жетістіктер тілейміз!

Смотрите также

Будущие защитники Родины

Формирование навыков начальной военной подготовки продемонстрировали студенты Карасуского сельскохозяйственного колледжа, принявшие участие в армейском калейдоскопе …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *