Главная / Районные новости / Мұғалімдер семинары

Мұғалімдер семинары

Қазіргі таңда орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы мұғалімдердің біліктілігін арттыру және кәсіби даму мүмкіндіктерінің аясы кеңюде.

Ильич орта мектебінде «Білім беру жаңарту жағдайында қазақ тілін оқытуда инновационалдық педагогикалық тәсілдерді енгізу» тақырыбында аудандық семинар өтті. Оған ауданымыздың негізгі және орта білім беру мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Семинардың басты мақсаты – қазақ тілін оқытуда инновационалдық педагогикалық тәсілдерімен таныстыру.

Семинар барысында аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Гүлнар Байғазина сөз сөйлеп, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Одан кейін аталған мектептің психологі Анна Шпак тренинг өткізді. Содан кейін жаңартылған білім мазмұнында ашық сабақтар өткізілді. Атап айтсақ, 5-сыныпта Анэль  Борамбаеваның ұйымдастыруымен «Ақсу — Жабағылы қорығы» тақырыбында ашық сабақ өтті. 7-сыныпта «Ең жас ғалымдар» тақырыбына ашық сабақ өткізілді. Сабақты дайындаған – Алмагүл Туғанбаева. Ал, Алтынай Есеналина «Сабақта қолданылатын кері байланыс түрлері» тақырыбында коучинг өткізді.

Семинарға қатысушылар ой бөлісіп, пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді.

Семинарды қорытындылау бөлімінде ұстаздар ашық сабақтардың өте жоғары деңгейде өткенін атап өтті, сабақтардың тиімділігіне көз жеткізіп, семинардан алған әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында қолданатындарын айтты. Семинар соңында шағын концерт қойылды.

Смотрите также

Жарайсың, Мейрамбек!

«Спорт – денсаулық кепілі» демекші, спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Спортты жанына серік еткен …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *