Главная / Районные новости / Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Ұлы Жеңіс мерекесінің қарсаңында аудан әкімі Виктор Ионенко аудандағы соғыс ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, сый-сияпат көрсетіп, мерекелерімен құттықтады. Ардагерлер өздеріне көрсетіліп отырған құрметі үшін алғыстарын білдіріп, игі тілектерін білдірді.

Аудан басшысы ең алдымен соғыс ардагері Николай Табунщиктың үйіне барды. Майдангерге жылы лебізін білдіріп, зор денсаулық, қажымас қайрат тіледі. Өз тарапынан соғыс ардагері кейінгі ұрпақтың үлкендерге деген сый-құрметіне риза болып, шексіз алғысын білдірді.

Бұдан кейін Амангелді ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қамза Шертановтың үйіне бас сұғып, ардагермен кездесті. Кеудесі орден-медальға толы майдангер құттықтап келген қонақтарды құшақ жая қарсы алды. Төрге шығарып, дастархан жайып, ақжарқын әңгімеге тартты. Сол бір сұрапыл соғыс жыл­дарын тебірене еске алып, көңілі босап, көз-жасына ерікте берді.

Аудан әкімі соғыс ардагері Михаил Кульбицкийдің де үйіне барып, ардагердің денсаулығын сұрап, Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, арнайы сый-сияпат көрсетті. ҰОС ардагері Яков Қаратаевты да арнайы іздеп барып, атаның ақ батасын алды. Сый-сияпат көрсетіп, емен-жарқын әңгімелесті.

Бұдан бөлек, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Отан үшін от кешкен Яков Қаратаевты Ұлы Жеңіс күнімен Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов арнайы келіп құттықтап, сый-сияпат тарту етті.

Кенеш Ғалибекұлы ел іргесіне жау шапқан тұста қолына қару алып, қан майданға аттанған майдангерлердің ерлігі мәңгі өшпейтінін айта отырып, шыбын жанын шүберекке түйіп, елді жаудан қорғаған қарт жауынгерге алғысын білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

 

Жаңабай АХМЕТОВ

Смотрите также

Будущие защитники Родины

Формирование навыков начальной военной подготовки продемонстрировали студенты Карасуского сельскохозяйственного колледжа, принявшие участие в армейском калейдоскопе …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *