Главная / Районные новости / Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Биыл Елбасы Н. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі жарияланған болатын. Осы үндеуге қатысты халықтың пікірін білген едік.

Бибігүл Омарова, Октябрь ауылдық мәдениет үйінің маманы:

-Қазіргі таңдағы әлеуметтік мәселенің бірі – баспаналы болу. Бұл мәселені оңтайлы шешу жолдары қарастырылуда. Айталық, Елбасы баспана алуға мүмкіндік беретін «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын ұсынды. Бұл туралы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуінде нақты айтылған.

Жаңа бағдарламаға сәйкес, банктер халыққа жеті пайыздық үстемемен несие беруі тиіс. Бастапқы жарнасы 20 пайыздан, ал несие мерзімі 25 жылға дейін ұзартылады. Бұл бастама халықтың әл-ауқатын барынша көтеруге бағытталып отыр. Яғни, баспанасыз жүрген жандарға қолдау-көмек болмақ.

Үндеудегі екінші әлеуметтік бастама – жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту. Елбасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана салық салуды ұсынды. Бұл қарапайым халық үшін үлкен жеңілдік, зор қолдау. «Ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдету керек. Ал осылайша салықты азайтудан шығатын қаржы олардың жалақысын көбейтуге жұмсалуы қажет. Нәтижесінде, еліміздегі барша жалдамалы жұмыскерлердің кемінде үштен бірінің, бұл – 2 миллионнан астам адам, жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ көбейетін болады», делінген екінші бастамада.

Бұдан бөлек, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапа­сын арттырып, студент жастардың жатақхана жағдайын жақсарту, өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту, елді газбен қамтамасыз ету сынды халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдауға бағытталған бастамалар ұсынылды.

Жалпы үндеуде айтылған бастамалардың бәрі маңызды, еліміздің тұрақты дамуына игі әсер етеді.

 

Ербол Төлебаев, мұғалім:

-Бұл үндеудің айрықша әлеуметтік маңызы бар. Елбасы әлеуметтік салаға бағытталған бес негізгі басымдылықты белгілеп берді. Атап айтсақ: халықты қолжетімді баспанамен қамту, салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, шағын несие беруді көбейту, елді газбен қамтамасыз ету. Бұл бастамалар еліміздің әлеуметтік жағдайын жақсартып, қарқынды дамуына игі ықпал ететіндігі сөзсіз.

Жастар – еліміздің болашағы. Елбасы жастар мәселесін ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Үндеудегі үшінші бастама – студенттерге жағдай жасау. Яғни, халықтың жоғары білім алуына жағдай жасалып, студенттердің жатақханадағы жағдайын жақсарту мәселесі басты назарға алынатын болады.

Бүгінгі күні студенттерге бөлінетін гранттардың санын арттыру және жатақханамен қамту мәселесі өткір болып отыр. Елбасы бастамасында 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлуді тапсырды. Сонымен қатар, 2022 жылдың соңына дейін 75 мың орынды жаңа жатақхана салуды міндеттеді. Бұл дегеніміз, алдағы 4 жылда жатақхана мәселесі өз шешімін табады деген сөз. Бұл да жастарға мемлекет тарапынан жасалатын қамқорлықтың айқын көрінісі.

Төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту». Бұл ретте Мемлекет басшысы 2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды. Бұл дегеніміз, жеке кәсібін ашып, шаруашылығын одан әрі кеңейтуге ден қойған кәсіпкерлерге қолдау-көмек болмақ. Әсіресе, ауыл тұрғындары үшін ерекше маңызға ие. «Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады. 2017 жылы жалпы сомасы 32 миллиард теңге болатын 7200 шағын несие берілді. Алайда, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша білім алған тағы 5 мың адам өз ісін бастауға қажетті шағын несиелерді ала алмады», — деді Елбасы.

 

Дайындаған Жаңабай АХМЕТОВ

Смотрите также

Здоровым жить – здорово

Игры, веселые старты, психологические акции, краткие лекции и даже медицинское обследование, все это было на …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *