Главная / Районные новости / Астананың құрдасы

Астананың құрдасы

Астана – байтақ еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі. Сарыарқа төсінен бой көтерген еліміздің бас қаласы – тәуелсіз еліміздің символы, елдің ірі мегаполисі. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі.

Бәйтеректей биіктеген елордамыз өзінің сұлулығымен әрі көріктілігімен халқымыздың мақтанышына айналып отыр. Ерке Есілдің жағалауында орналасқан еліміздің бас шаһары аз уақыт ішінде ғажайып қалаға айналды. Астананың қарыштап өсіп-өркендеуі, сән-салтанатының жарасымы еліміздің мәртебесін асқақтатып, мерейін үстем етті. Ару қаланың бүгінгі әсем келбеті көз тартарлық, кісі қызығарлық.

Биыл еліміздің бас шаһары – Астана қаласы 20 жылдығын атап өткелі отыр.

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. 1997 жылы 10 желтоқсанда Елбасы Н.Назарбаев ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы ресми түрде Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылғы 10 шілдеде Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

Сарыарқаның төсінде орын тепкен еліміздің бас қаласы Астана – төрткүл дүниені таң қалдырған, еңселі елордаға айналды. Өзінің болашағы жолында қарыштап қадам басып, көптеген елдерге үлгі болып, өркен жайып келе жатқан Астананың құрдастары да жетерлік. Солардың бірі – Октябрь ауылының тумасы Мақсат Игілік. Ол Железнодорожный ауылындағы өрт сөндіру постында жұмыс істейді.

Өзімді Астана қаласының құрдасы болғанымды мақтан тұтамын. Елорда құрдасы екенімді ойлағанда, кеудеме қуаныш сезімі ұялайды. Астананың алға басқан әр қадамы маған ерекше жігер береді. Егемен Қазақстанның айрылмас бөлшегіне айналған Астана – еліміздің мақтанышы. Елордамыз бүгінде күн санап жайнап, гүлденіп, көркейіп келеді. Қала құрылысы канатын кеңге жайып, жаңа әрі озық үлгідегі тұрғын үйлер, әкімшілік-шаруашылық ғимараттар бой түзеуде. Бұған жеткізген – еліміздің тәуелсіздік алып, егемен ел болуы және елдегі саяси тұрақтылық пен өркениетке деген батыл қадам, — дейді Мақсат.

Смотрите также

Жарайсың, Мейрамбек!

«Спорт – денсаулық кепілі» демекші, спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Спортты жанына серік еткен …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *