Главная / Районные новости / Қойбағарда өткен Наурыз мерекесі

Қойбағарда өткен Наурыз мерекесі

Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан бері орын алған. Наурыз (парсыша «нау» — жаңа, және «руз» — күн) – жаңа жылдың бірінші күні, көктемнің басы, жаңару күні.

Қазақтар бұл мейрамды Ұлыстың ұлы күні деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан-жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады.

Наурыз – еліміз үшін жыл басында тойланатын халықтық мейрам. Сонымен қатар, атап өтетін жағдай, бұл мерекенің негізгі мағынасы мен маңызы көптеген халықтар үшін ортақ болып табылады. Қазақстанда бұл мейрамға ерекше көңіл бөлінген, себебі ол елімізде өмір сүріп жатқан сан халыққа ортақ мереке. Осы мерекеге орай Қойбағар ауылында Наурыз мейрамы аталып өтті. Наурыз мейрамы Қойбағар ауылының орталығында  өтті. Мерекеге халық көп жиналды. Ауыл адамдары бір-бірімен қауышып, Наурыз мейрамы мерекесімен құттықтап, бір-біріне ақ тілектерін білдіріп жатты.

Мерекеге Қойбағар ауылы әкімі аппаратының қызметкерлері, Станция орта мектебінің оқушылары  мен ұжымы белсене қатысты. Мереке барысында ауыл әкімі Блинов Сергей Николаевич ауыл тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтап, игі тілегін білдірді. Одан кейін қалыптасқан дәстүрге байланысты ауыл –ауылдарды аралап, ақ батасын беріп қыдырып жүрген Қыдыр ата ақ батасын берді. Қандай той шашусыз өтсін, Наурыз мейрамына арналып шашу шашылып, бала-шаға, үлкен кіші шашу жинап, «Келген жылымыз шашылған шашудай тәтті болсын» деп бір-біріне тілектерін білдіріп жатты. Жиналған жұртқа арнайы дайындалған «Наурыз көже» ұсынылды.

Мереке концерттік бағдарлама, ұлттық ойын түрлері және лотерия билеттері ұтысымен жалғасты.  Наурыз мерекесін  өткізуге демеушілік жасаған «Құнарлылық» ЖШС  директоры Ковальский В.Ф., «Қойбағар элеваторы»  ЖШС директоры Ергазинов Ж. Е.,  «Мұнай база» ЖШС  Турсынбаев С.С., «Талды- К»  ЖШС директоры Ертаев П. Қ.  және жеке кәсіпкер  Жапаров Б. Ш.   алғысымыз шексіз.

 

Л.Жаркенова

Смотрите также

Жарайсың, Мейрамбек!

«Спорт – денсаулық кепілі» демекші, спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Спортты жанына серік еткен …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *