Главная / Районные новости / Ауылға бар, жас маман

Ауылға бар, жас маман

 ҚР Ауылшаруашылық вице-министрі Арман Евнеев ауылшаруашылық мамандығына оқып жатқан жастардың басым бөлігі ауылға барғысы келмейтіндігін айтады.

– Оқу бітірген қалалық жастар базар жағаласа да алыс ауылдарға барғысы келмейді. Сондықтан, бұл мәселеге шетін қарамау керек. Бүгінде 70% білім грантын аграрлық сала бойынша оқытатын жоғарғы оқу орындарына беру қажет, – дейді министрдің орынбасары.

– Қазір мемлекеттік тапсырыс арқылы ауылдық квотамен оқып жатқандардың қатары біршама ұлғайтылған. Сондай-ақ, Евнеев орта арнаулы білім беру бойынша жергілікті әкімдердің мемлекеттік тапсырыстарын қайта қарауды ұсынды. Ондағы тұжырымдар бір-біріне сәйкес келмейді. Негізі, грант бойынша оқу бітірген түлектерді үш жыл ауылда жұмыс істеуге міндеттеуді енгізуді жоспарлап отырмыз. Сосын біз ғылыми-тәжірибелі институттарды, тәжірибелі шаруашылықтарды, институт филиалдарын өзара байланыс орнатып қана қоймай, ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты университет, колледждермен тығыз әріптестік орнатуды ұсынып отырмыз.

Ал біздің облыс жағдайында бұл мәселе біршама шешімін тапқан сыңайлы. Мәселен, соңғы үш жыл бедерінде «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 79 мал дәрігері ауылдарға аттанған. Былтырғы жылдың өзінде жаңа оқу бітірген 28 түлек бүгінде ауылдарда өз мамандықтары бойынша жұмыс істеп жатыр. Оларға 95 млн теңге көлемінде бюджеттік несиелер мен көтерме жәрдемақылар төленген.

Мұның сыртында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шеңберінде облыстық еңбек, жұмыспен қамту және білім басқармаларының бастамасымен кәсіби жұмыскерлерді дайындайтын үш айлық курстар ашылды. Бүгінде онда 100-ге тарта адам қосымша білім алып жатыр. Бұлардың бәрі қысқа мерзімді курстар аяқталысымен тұрақты жұмысқа орналасатын болады. Әсіресе, жас мамандарды жұмысқа орналастыру мәселесі жедел шешімін тапқан. Өткен жылы Ұзынкөл ауданына жоғарғы оқу орнын бітірген алты маман келді. Оларға «Тойсай» ЖШС-нің директоры 3 бөлмелі пәтер сатып әперген.

Облыс көлемінде мұндай мысалдар жетерлік. Тек, жастардың ынтасы болса болғаны.

 

Әлібек ЫБЫРАЙ

Смотрите также

Жарайсың, Мейрамбек!

«Спорт – денсаулық кепілі» демекші, спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Спортты жанына серік еткен …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *