Главная / Районные новости / Атқарар шаруа ауқымды

Атқарар шаруа ауқымды

Елбасының атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілігі мен есептілігін арттыру мақсатында қабылдаған шешімін негізге ала отырып, барлық әкімдер жергілікті жұртшылықты жинап, олардың алдында өткен жылға есеп беруді бастап кеткен болатын.

Осыған сәйкес Қарасу аудандық балалар өнер мектебінде Қарасу ауылының әкімі С. Магзумовтың Қарасу ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қорытындысы бойынша есеп беру жиыны болып өтті.

Аудан әкімі Виктор Ионенконың төрағалығымен өткен жиынға халық көптеп жиналды. Өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы белгіленер міндеттер барлығын да қызықтырды.

Алдымен Қарасу ауылының әкімі С. Магзумов ауылдың бүгінгі тынысы мен 2017 жылы атқарылған жұмыстарды баяндады. Ауыл әкімінің баяндамасынан ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму динамикасының жақсы екенін аңғару қиын емес. Биыл да бұл жетістіктер еселене түспек. Мәселен, биыл ауыл ішілік көшелердің жолдарын жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Орташа жөндеу жұмыстары Комсомольская, Исаков көшелері мен Школьный, Детский тұйық көшелеріне жүргізілетін болады. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 200 млн. теңге қаржы бөлінді. Жоспарлы жұмыстар мұнымен шектелмейді. Школьный тұйық көшесіне жаяу жүргіншілер үшін жол салу және ауыл көшелеріне темірбетон дуал орнату жұмыстары да қолға алынады. Оған аудандық бюджеттен 16 млн. теңге қаржы бөлініп отыр. Сонымен қатар елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына да басымдық беріледі.

Кездесуде АІІБ учаскелік инспекторы М. Қарағожин және «Қарасу аудандық ветеринарлық станция» КМК ветеринарлық фельдшері Р. Шарипов та халық алдында есеп берді. Сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д. Нурпеисов Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын халыққа түсіндіру жөнінде баяндама жасады.

Жиында ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген әлеуметтік мәселелер әңгіме арқауына айналды. Айталық, көшедегі қаңғыбас иттерді аулау және көзін жою, көшелер мен аулалардың тазалық шараларын қолға алу керектігі алға тартылды. Сонымен қатар жұқпалы бруцеллез ауруына шалдыққан малдарды арнайы орындарға тапсыру, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың толық орындалуын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сондай-ақ қысқы мезгілдегі ауыл көшелерін қардан тазалау жөніндегі сұрақтар да талқыланды.

Жиында сөз алған аудан әкімі Виктор Ионенко жалпы Қарасу ауылындағы тірліктер туралы баяндады. Түйінді мәселелерге көпшілік назарын аудартып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар қайтарылды.

Смотрите также

Хоровод творчества, дружбы и таланта

В сельских Домах культуры прошли смотры художественной самодеятельности в рамках 32-го областного фестиваля самодеятельного народного …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *