Главная / Районные новости / Ит – жеті қазынаның бірі

Ит – жеті қазынаның бірі

Мына суретте қарасулық Асан Бектастың сүйікті итімен серуенге шыққан сәті. Ол арыстанай үлкен итімен таза ауаға шығып, анда-санда ойнағанды ұнатады. Жеті қазынаның бірі саналатын ит – жаратылысынан жайбырақат, иесіне адал болып келеді. Ендеше табалдырығымыздан аттаған ит жылы да ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміз үшін сәтті жыл болғай!

Осы орайда «Қостанай таңы» облыстық газетінің тілшісі Қыдырбек Қиысханұлының ит жылы туралы жазылған «Қазыналы, ырысты жыл болғай!» атты мақаласынан үзінді келтіре кеткенді жөн көрдік:

«Мәселен, өткен ғасырдың 20-шы жылдары елімізде болған ашаршылық ауыртпалығы ит жылынан, яғни, 1922 жылдан бастап түзеле бастады. 1932-1933 жылдардағы аштықтан кейін жағдай біршама тұрақталғаны ел есінде. Екінші дүниежүзілік соғыс та осы ит жылына қарағанда тоқтап, содан кейін елде жайлы дәуір басталды.

Ал 1958 жылдың мол егіні мен Қазақстанның КСРО бойынша өнім шығарудан үшінші орынға көтерілгенін айтпай кетуге болмас. 1968-1969-шы мешін мен тауық жылдары болған қуаңшылықтан кейін жағдай 1970-ші – ит жылынан бастап оңала бастаған екен.

«Коммунизм таңы» («Қостанай таңы») газетінің 1982 жылғы санын ақтарып отырып, Тобыл өңірінің мемлекетке 260,1 миллион пұт немесе 4 миллион 261 мыњ тонна алтын дән құйғанын, яғни, жоспарда белгіленгеннен 1,1 миллион тоннаға артық астық жинағанын кезіктірдік. Тәуелсіздік алған кезңдегі алғашқы ит жылы да берекелі болды. Нарықтың қиындығына қарамастан, облысымыздыңқ амбалары 4,3 миллионнан астам дәнді дақылға толды. Ал 2006 жылы өңір диқандары 1992 жылдан кейінгі ең мол өнімін алған екен — 5,2 миллион тоннаға жуық! Ендеше араға бір мүшел салып келген 2018 жылдан да күтер үмітіміз көп.

Биылғы жылы елімізде атаулы мерекелер мен мерейтойлар аз емес. «ҚР мемлекеттік шекарасы туралы» заң қабылданғанына 25, Ақмола қаласының ҚР астанасы болып бекітілуі және Астана қаласы болып өзгертілгеніне 20, ҚР астанасы күні бекітілгеніне 10, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының енгізілгеніне 25 жыл».

Жаңабай АХМЕТОВ

Смотрите также

Хоровод творчества, дружбы и таланта

В сельских Домах культуры прошли смотры художественной самодеятельности в рамках 32-го областного фестиваля самодеятельного народного …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *