Главная / Официально / Облыстық мемлекеттік органдардағы түсіндіру кездесулері

Облыстық мемлекеттік органдардағы түсіндіру кездесулері

2018 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің мамандары Әділет Департаментінде және Статитстика Департаментінде кездесулер өткізді.

Әділет Департаментінің жеке құрамымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Бедыч Е.С. кездесті. Өзінің баяндамасында ол Елбасы жолдауының негізгі бағыттары, Департамент қызметінің 2017 жыл қорытындысын, облыста 2017 жылы жасалған жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы айтты.

Сонымен қатар, статистика департаментінде  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Шериева М.Т. семинар-кеңес өткізді. Мемлекеттік қызметші сөз сөйлеуінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының негізгі бағыттарын, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015- 2025 жылдарға арналған стартегиясы және жемқорлық құқық бұзушалықтарға деген жауапкершілік тұсында сөз қозғады.

Кездесулер соңында қатысушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты, толық жауаптарын алды.

Шериева М.Т. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы

 

Смотрите также

В будущее – без взяток

Антикоррупционный марафон «Адал жол – Честный путь» продолжает своё шествие по региону. Эстафету областного антикоррупционного …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *